05.03.2026, 09:10

Нөсерге тұншыққан қала: Шымкентте кәріз жүйесі тағы да сын көтермеді

Фото: Видеодан алынған кадр

Соның салдарынан халық әбігерге түсіп, өз күштерімен суды шығаруға мәжбүр болған.

Кеше кешкісін Шымкентте нөсерлі жаңбыр жауып, қала көшелері әп-сәтте су астында қалды. Бірнеше сағат толассыз жауған жауынның салдарынан кәріз жүйелері суды өткізіп үлгермей, көшелер мен аулаларға жайылды.

Әсіресе Қазығұрт шағын ауданындағы А2 тасжолы маңында жағдай күрделі. Тұрғындардың айтуынша, жаңбыр суы кейбір үйлердің жертөлесіне дейін кіріп кеткен. Соның салдарынан халық әбігерге түсіп, өз күштерімен суды шығаруға мәжбүр болған.

Жергілікті тұрғындар мұндай жағдайдың бірінші рет емес екенін айтады. Жауын жауса болды, жолдар көлге айналып, аулаға су жиналады дейді олар. Бұл – қаладағы инфрақұрылым мен кәріз жүйесінің әлсіздігін тағы бір мәрте көрсеткендей. Қала әкімдігі жыл сайын «жол жөнделіп, кәріз жүйесі жаңартылып жатыр» деп есеп береді. Алайда әр нөсерден кейін қайталанатын көрініс тұрғындардың ашуын туғызуда.

Тегтер: Шымкент кәріз