Түркия «НАТО-дағы одақтастарымен тығыз үйлестіре отырып, барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр және қажет болған жағдайда дереу жауап береді».
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иран аумағынан елдің әуе кеңістігіне қарай баллистикалық зымыранның ұшырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол аймақ үшін осы қиын кезеңде Түркия ешқандай жағдайда өз шекарасы мен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін «кездейсоқ жағдайға» қалдырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu.
– Түркия тарапы мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін «ең ауыр ескерту» жасады. Түркияның ел мен оның халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген табандылығы мен қабілеті жоғары деңгейде», – деді түрік көшбасшысы.
Бұған дейін Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Иран аумағынан ұшырылып, елдің әуе кеңістігіне қарай бағытталған баллистикалық зымыранның жойылғаны туралы хабарлаған болатын.