$ 499.83  581.5  6.42

Ақтөбе облысына 25 жастағы жасөспірім мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында 25 жастағы жігіт жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Azattyq Rýhy мәліметінше, 14 жастағы мектеп оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тараған болатын. Құқық қорғау органдары аталған деректі растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу және процестік амалдар жүргізілуде. Полиция қызметкерлері айғақтарды жинап, қылмыстық процесс қатысушыларының барлық уәждерін тексеріп жатыр.

«Тергеу органдары істің барлық егжей-тегжейін мұқият зерделеуде. Жан-жақты тексеру қорытындысы бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады», - делінген ресми хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты, сондай-ақ кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге мәліметтер жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0