$ 493.85  571.78  6.25

«Құлпырып кеткен»: Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлдің қазіргі күйін баяндады (ФОТО)

"Көздерінен қорқыныш емес, үміттің нұры байқалады".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ауыр тағдырды бастан өткерген қос қыздың бүгінде көңіл күйі көтеріліп, өмірге деген құлшынысы артқан. 

"Қос қарындасым құлпырып кетіп пе? 

Кезінде тағдырдың ауыр соққысын көрген Назгүл мен Құндыз бүгін мүлде басқа күйде. Көздерінен қорқыныш емес, үміттің нұры байқалады.

Құндыз көктем келе сала шашын сары түске бояуды сұрапты. Бәлкім, бұл оның жаңа өмірге деген кішкентай қадамы шығар…

Бүгін орталықта мерекелік кеш болған екен. Назгүл сахнада билеп, ал Құндыз ән айтыпты. Көңілдері көтеріңкі, ал жүздері қуанышқа толы.
Ең бастысы - қыздар аман, қауіпсіз жерде.
Қос қарындасым енді тек күліп жүрсе екен деп тілеймін.
Мереке құтты болсын", - деп жазды ол. 

Көпшілік те бұл жаңалыққа қуанып, лебіздерін білдірді. 

"Алла жолдарын ашса екен", "Керемет ,бакытты болсын", "Құлпырып әдемі болып кетіпті қыздар", "Көздерінде қуаныш байқалады", - деп жазды оқырмандар. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0