$ 493.85  571.78  6.25

Сауд Арабиясына түскен снаряд бейбіт тұрғындардың өмірін жалмады

Мерт болғандар Үндістан мен Бангаладеш тұрғындары болып шықты.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Сауд Арабиясында тұрғын үйге түскен снаряд салдарынан екі адам өліп, 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
 
Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігінің елдің Азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, соққы Эль-Хардж провинциясының орталық бөлігіндегі тұрғын үй кешеніне тиген.

Мерт болғандар Үндістан мен Бангаладеш тұрғындары болып шықты.

Мәлімдемеде тұрғын үйлер орналасқан аудандарға жасалған соққылар халықаралық гуманитарлық құқыққа қарсы екені айтылған.

Оқ-дәрінің түрі туралы ешқандай ақпарат жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте ірі өрт болды