$ 493.85  571.78  6.25

«Қазіргі күйін айта алмаймыз»: Вьетнамда жоғалып кеткен қазақ қызы табылды

Вьетнамның Хошимин қаласында Қазақстан азаматы Әсем Әубәкір жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен еді.

Фото: https://www.instagram.com/ruzana_2307/
Фото: https://www.instagram.com/ruzana_2307/

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 26 жастағы Әсем Әубәкір табылды. Бұл жайлы оның әпкесі Рузана мәлім етті,, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Әсем табылды. Бірақ, қазір қандай күйде екенін айтпауымды сұрады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, полиция және барша көмектескен адамдарға алғыс айтамын. Қазір Вьетнамға ең тез баратын ұшақ билеттерін қарау керек. Қазір Әсем консулдың жанында. Мен онымен видео арқылы сөйлестім. Қалған жағдайлар жайлы ештеңе айта алмаймын. Ең бастысы ол табылды», - дейді Рузана.

Еске салсақ, Вьетнамның Хошимин қаласында Қазақстан азаматы Әсем Әубәкір жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Бойжеткен 2026 жылғы 6 наурыздан бері байланысқа шықпаған. Әсем Қазақстанға ұшып шығуы керек болған, бірақ әуежайдағы кестеден өз рейсін таба алмаған. Соңғы рет сөйлескенде оның күйзелісте болғаны байқалған. Бойжеткен екі тәулік бойы ұйықтамаған және біреулер соңынан аңдып жүргенін айтып, қатты қорыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0