Бұл туралы ғалым «Айтарым бар» подкастында айтты.
Белгілі ғалым, Каир қаласындағы Каир университетінің ұстазы, профессор Рабиға Төлебай орамалдарын шешкен әйелдер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ғалым «Айтарым бар» подкастында айтты.
«Орамалды тағып жүрген қыз ретінде, орамалды біреу шешкен кезде менің мәселем ол кісінің орамал шешуінде емес. Орамалды шешкісі келіп тұр ма, шешсін. Алла тағала ол нығметті ол кісіге бұйырмай тұр. Жай ғана қарапайым түсінік мен үшін осы. Өйткені, бұл бір нығмет», — деді ұстаз.
Сондай-ақ, ол орамал тақпай, бірақ 5 уақыт намаз оқып жүрген әйелдер туралы да айтты.
«Ол кісі 5 уақыт намазын қалдырмай оқып жүрген шығар, әке-шешесінің айтқанын тыңдап, олардың ақылын тыңдап жүрген шығар. Сізде бәлкім ол нәрселер жоқ шығар деген сияқты», — деді Рабиға Төлебай.