10.03.2026, 16:00

«Кеше қазылғанға ұқсамайды»: Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіті табылған жер көрсетілді (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөзден

"Дәл кеше қазылды деп айта алмаймыз". 

Атырауда бірнеше ай бойы із-түзсіз кеткен ағайынды Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіті табылған жерді жергілікті журналист Жанат Молдашова видео арқылы көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналистің айтуынша, оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары әзірге ресми мәлімет жарияламаған. Соған қарамастан, бейресми деректер мен ресми ақпараттың мазмұны бір-біріне сәйкес келетінін айтады.

Бізде бейресми ақпарат пен ресми хабар бір-біріне 100 пайыз сәйкес келеді. Бұл - күдіктілер жалдап тұрған үй. Осының іргесі мен бағана арасынан «марқұмдардың сүйегі табылды» дейді. Дәл осы жер бұған дейін қазылған. Дәл кеше қазылды деп айта алмаймыз. Күні кеше қазылғанға ұқсамайды, – дейді Жанат Молдашова.

Журналист түсірген кадрларда үйдің айналасы бұрын да бірнеше рет қазылған болуы мүмкін екені байқалады.

Оқиғаға байланысты Атырау облысындағы ресми органдарға сауал жолдады. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 Ал әлеуметтік желідегілер «мүмкін мәйіттерді денелері ерте табылып, күдіктілерді үркітіп алмау үшін, құпия сақталған шығар» деп болжауда.