Оған дейін «Отбасы банк» медициналық ұйымдарға бағытталатын қаражатты бақылауға арналған арнайы платформаны әзірлеуі керек.
Бұл туралы "Нарық жаңалықтары" телеграм арнасы жазды. Яғни, 2026 жылдың соңына таман ел тұрғындары зейнетақы жинақтарының артық бөлігін емделуге қайта пайдалана алады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оған дейін «Отбасы банк» медициналық ұйымдарға бағытталатын қаражатты бақылауға арналған арнайы платформаны әзірлеуі керек.
Банк төрағасы Ләззат Ибрагимованың сөзінше, қызмет қазақстандықтарға қолжетімді болады. Десе де, ол тек толық ашық әрі қатаң бақылаумен ғана жүзеге асады. «Отбасы банк» АҚ төрағасының айтуынша, осыған дейін халықтың шамамен 10%-ы қаражатты мақсатсыз пайдаланған.
Соның салдарынан 90% азамат бұл мүмкіндіктен айырылып отыр.
– Сондықтан, 2026 жылдың соңына дейін бұл процесті толық цифрландырумен айналысамыз, – деді ол.
Айта кетейік, жаңа жүйе стоматологиялық және басқа да клиникаларда енгізіледі және көрсетілген қызмет бойынша орындалған жұмыс актісі онлайн рәсімделмек. Мұнан бөлек, жүйе Денсаулық сақтау министрлігінің платформаларымен біріктіріледі деген жоспар бар. Қазіргі уақытта «Отбасы банк» мамандары арнайы порталды жасап жатыр.
Сондай-ақ, банк басқа да жүйелерді жетілдіре түсуде. Олар – тұрғын үй кезегінде тұрғандарды тексеру және көпбалалы отбасылардың 80 м²-ден төмен тұрғын үйге берген өтінімдерін қарау.