$ 491.59  572.16  6.24

«Осыған дейін үндемей келдім»: Танымал исламтанушы Нұрлан имамның діни білімін сынады (ВИДЕО)

Ниетке сай жүре беретін болсақ несіне бізде фиқһ пен ақида бар?

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Белгілі исламтанушы, араб тілінің маманы Нұржан Смағұл көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылған Нұрлан Байжігітұлының кәсібилігін сынады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеода Нұрлан имамда фиқһ пен ақида бойынша үкім беруге білім ен құзыреттілік жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Нұрлан имам ағамыз жайында сұрақтар келіп жатыр. Қазақстан үшін жақсы ниетте жүрген кісі шығар. Бірақ, бүкіл жағдайда ниет дұрыс болуымен мәселе шешілмейді. Егер, сенің білімің болмаса, құр ниетпен көп нәрсені бүлдіріп алуға болады. Ниетке сай жүре беретін болсақ несіне бізде фиқһ пен ақида бар? Осыған дейін Нұрлан имам ағамыз туралы ештеңе айтпаған едім. «Өздерінің араларында кикілжің болып жатыр» деген елдің сөзіне қалмас үшін айтпай жүргенмін. Бірақ ол кісі соңғы уақытта шынымен де шариғатқа сай емес көп дүниелерді айтып жатыр. Сонымен ол кісі жайында баян еткім келіп тұр. Менің үкімім ол кісінің кәсібилігіне қатысты болады. Жеке басына ештеңе деп тұрған жоқпын. Шариғи тұрғыдан айтатын болсақ, Нұрлан ағамыздан ақидалық және фиқһ үкімі алынбайды. Ол кісіде құзыреттілік, осы салада білім жоқ. Оған бірнеше дәлелдер бар. Фиқһ, ақида бойынша бірнеше жыл оқып, араб тілінің грамматикасын, Құранның тәпсірлерін, үкімдерін білу керек. Бұл — оңай дүние емес. Ғалымдарымыз оған қаншама жылдар жұмсайды. Мен ол кісінің арабша сөйлегеніне, беріп жатқан үкімдеріне қарап ол кісіде ондай құзыреттілік жоқ екенін айта аламын. Фиқһ пен ақидасында өте үлкен қателіктер бар. Мен оны тізбек-ақ қояйын. Сондықтан мені тыңдайтын кісілерге Нұрлан имамда фиқһ пен ақида бойынша үкім беретін білім де, құзыреттілік те жоқ екенін айтқым келеді», — дейді ол.

Айта кетейік, «фиқһ» мұсылманның Алла Тағалаға жасайтын құлшылықтары туралы қағидаларды, ал «ақида» иман негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады. 

Нұрлан Байжігітұлы бұл сынға ресми түрде жауап бермеді. Алайда Instgram stoties-те өзін «уайымдайтын» жандардың барына риза екенін айтқан. 

«Бір жағы қуанамын. Өзін емес мені уайымдайтын ұстаздар мен олардың шәкірттері барына. Тек менің айтқаным ақиқат. Мен ғана хақ дінді айтамын, басқаның бәрі оның ішінде тик ток молда адасушы жәнеи адастырушы деп уайымдап жүргендер аман болсын», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0