Бостон марафонындағы жарылысты тергеу ісіне кедергі келтірді деген айыппен сотқа тартылған қазақстандық студент Диас Қадырбаев өзін кінәлі деп тануға келісті, деп хабарлайды Boston Globe басылымы оның адвокаты Роберт Штальға сілтеме жасай отырып.
Штальдың айтуынша, Қадырбаев 21 тамыз күні жергілікті уақытпен түстен кейін Бостонның округтік сотында өзінің «кінәлі екенін» жариялайды. Қорғаушы Қадырбаевтың өз кінәсін мойындауға келіскені туралы ақпаратты растады, алайда осы мәселе бойынша толық мәлімет беруден бас тартты.
Басылым атап көрсеткендей, Қабырбаев тергеумен бұндай қадамға қорғаушыларға сотталушылардың жазасын жеңілдетуге қол жеткізуіне мүмкіндік берілуіне орай барған көрінеді.
Диас Қадырбаевқа байланысты сот процесі 8 қыркүйекте басталады.
Тергеу мәліметінше, жарылыстан соң үш күннен кейін басты күдікті Джохар Царнаевтың Массачусетс университетінде танысқан достары - қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев оның пиротехника салынған рюкзагы мен ноутбугінен құтылған. Шілденің 21-і күні Бостон қаласының өлкелік сотындағы сот алқасы Тәжаяқовты терактіні тексеруге кедергі келтірді деп таныған. Оған қатысты ақтық шешім қазанның 16-сы күні шығады деп жоспарланған.