Зорлық жасалды деген жәбірленуші - 2008 жылғы бозбала.
Астанада волонтерге қатысты "Зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Зорлық жасалды деген жәбірленуші - 2008 жылғы бозбала.
Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады.
Екі адам күдікті ретінде ұсталды, бірі - "Асар Астана" іздестіру-құтқару жасағының волонтері.
"Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.