Қазақстанда Конституция жетінші рет өзгертілмек.
Бүгін, 15 наурызда, еліміз бойынша сайлау учаскелері сағат 07.00-де ашылатын болса, кей жерлерде 6.00-де ашылды. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыттан кейін учаскелік комиссиялар бюллетеньдерді санауға кіріседі, сондықтан кешкі 20:00-ден кейін дауыс беру мүмкін болмайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бюллетеньде бір ғана сұрақ бар:
«2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»
Референдумда 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары дауыс бере алады. Егер азамат 15 наурызда, яғни референдум өтетін күні 18 жасқа толса, ол да дауыс беруге құқылы. Негізгі шарт — өз учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізілуі.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Қазақстанға референдумды бақылау үшін халықаралық байқаушылар миссияларының басшылары мен шетелдік сайлау органдарының өкілдері келген.
Айта кетейік, Қазақстанда Конституция жетінші рет өзгертілмек.
Қолданыстағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Содан бері оған 1998, 2007, 2011, 2017 және 2019 жылдары өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.