Астанадағы республикалық референдумға елге танымал эстрада жұлдыздары да келіп, белсенділік танытты.
Дауыс берушілердің қатарында Лұқпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Гүлнұр Оразымбетова, Майра Ілиясова және басқа да белгілі өнер өкілдері болды. Олардың айтуынша, халықтың бірлігі мен белсенділігі елдің болашағын айқындайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сайлау учаскесіне жиналған астаналықтар сүйікті әншілерін көріп, естелік суреттерге түсіп, жылы лебіздерін білдірді. Көпшілік өнер жұлдыздарымен бірге суретке түсіп, селфи жасап жатты.
Осылайша, референдум күні елордалықтар үшін маңызды азаматтық қадам ғана емес, ерекше әсерге толы күн болды.