15.03.2026, 14:00

Miss World Kazakhstan 2026 Шадияра Байкенованың қай учаскеде дауыс бергені белгілі болды

Фото: видео скриншот

Ол Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №239 референдум учаскесінде дауыс берді.

Miss World Kazakhstan 2026 байқауының жеңімпазы, қоғам белсендісі әрі ел жастарының өкілі Шадияра Байкенова республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №239 референдум учаскесінде дауыс берді.

Оның айтуынша, мұндай маңызды оқиғаларға қатысу әр азаматқа ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.

Шадияра Байкенова референдум демократияның маңызды тетіктерінің бірі екенін және қоғамның пікірін білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол белсенді азаматтық ұстаным ел өмірінде, әсіресе жас буын үшін, айрықша маңызға ие екенін жеткізді.