15.03.2026, 18:00

Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады

Фото: gov.kz

Тереңкөл ауылдық округіндегі №228 референдум учаскесінде көп балалы Шалашовтар мен Габдуловтар отбасы дауыс беріп, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұлттық киім киіп келген отбасы мүшелері ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпаққа өнеге боларлық игі бастама танытты.

Отбасымен бірге келіп, азаматтық міндетін орындаған көп балалы ата-аналар балаларға елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Олар үшін бұл тек дауыс беру ғана емес, ұрпақ тәрбиесі мен отбасылық бірліктің айқын көрінісі болды.