$ 491.29  562.92  6.1

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды (ФОТО)

«Иә, қабылдаймын» деп дауыс бергендер – 86,7%.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алғашқы exit-poll нәтижес жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі:



«Иә, қабылдаймын» деп дауыс бергендер – 86,7%.

2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.

Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан.
Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді.

Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.
Күні бойы 7 өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылар сағат 9.00-де, 10.30-да, 12.30-да, 14.30-да, 16.30-да, 18.30-да және сағат 20.30-да жасалды.

Референдум учаскілерден шыға берісте респонденттерге «Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген сұрақ қойылды.
Еxit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берді. Жалпы 75,3% адам қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0