Ағымдағы жылдың 1 тамызында шарттардың барлық түрлері бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 9 997 158 бірлікті (алдыңғы аймен салыстырғанда - 49 915) құрап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ал зейнетақы жинақтарының сомасы - 4 254,28 млрд. теңгені (74 млрд. теңгеге өскен) құрады. Жылдың басынан бергі таза инвестициялық табыс - 172,76 млрд. теңгені (25 млрд. теңгеге өскен) құрады. Зейнетақы төлемдерінің сомасы - 45,87 млрд. теңгеге өскен (7,06 млрд. теңгеге өскен).
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2014 жылдың шілде айынан бастап салымшылар электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөліміне кіріп, өз жинақтарын тексере алады. Бұл жерде сөз азаматтар ХҚО-дан электрондық үкімет (e-gov) порталында пайдалану үшін алатын ЭЦҚ туралы болып отыр.
Сондай-ақ, салымшыларға неғұрлым қолжетімді және хабардар болуды қамтамасыз ету, соның ішінде «e-gov» порталы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) арқылы қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
2014 жылдың мамыр айында БЖЗҚ Android, iOS операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Шілде айында Windows Phone үшін қосымша жасалды. Пайдаланушылар үшін ол өз қызметі жағынан алдыңғыларға ұқсас, яғни, ол арқылы салымшылар (алушылар) онлайн режимінде өз зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелерін қарап, жақын орналасқан филиал немесе call-орталықпен байланысқа шығып, БЖЗҚ туралы жаңалықтар алу мүмкіндігіне ие.
Жалпы БЖЗҚ-ның өңірлік желісі 238 қызмет көрсету офистерінде көрініс тапқан. Филиалдар жанынан 24 бөлімше және 196 Қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде.