$ 482.32  553.37  5.63

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер өзара қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында Ресей Президенті Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Президенттер өзара қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге берілген мұндай бағамен келісетінін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық барлық стратегиялық салада қарқын алғанына назар аударды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0