22.03.2026, 09:30

Бүгін - Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы

Фото: Ақорда

Наурыз — түркі, парсы т. б. халықтар үшін көктем мерекесі және Орта Азия елдерінің Жаңа жылы. Кеңес Одағы кезінде діни мереке саналып, ондаған жыл бойы атап өтуге тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Қазақстанға 1990 жылдары ресми түрде қайта оралды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Елімізде Наурыз — мемлекеттік мереке. 2009 жылдан бастап мейрамда 3 күн демалыс беріледі. Бейресми түрде өңірлерде Наурыз бір ай бойы тойлана береді.

«Жыл басы» – халқымыздың салт-дәстүрі мен құндылықтарын тағы бір жаңғыртып, тарихтың жаңа бетін ашуға шабыттандыратын күн

«Жыл басы» күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл – мерекелік қуанышқа бас қосып, тарихымыздың жаңа кезеңінің басталуын мақтанышпен атап өтетін ерекше сәт.

Наурыз мейрамы – жаңару мен жасампаздықтың бастауына айналған, қоғамның бірлігі мен ұлт ынтымағын нығайтатын ұлттық мереке.

Ұлыстың ұлы күні ағаш отырғызу, қоршаған ортаны таза ұстау, жас ұрпаққа айтатын ақыл мен нақыл сияқты сан тараулы білімді осы бұлақтың көзін аш дәстүрі қамтиды. Бұлақтың суы көлге, теңізге, одан әрі мұхитқа барып құятыны сияқты бұл дәстүрдің негізінде алынған Наурыздың әліппелік сауатына қатысты құндылықтар келер буындарға жете береді.