Енді сен қалып едің ақыл айтпаған.
Әлеуметтік желіде Ербол Рүстемұлы дейтін діншіл жігіт Наурызды дүркіретіп тойлап жатқан халыққа реніш білдіріп, видео жариялады деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өз видеосында ер адам Наурыз қазақтың мерекесі емес екенін, әсіресе, соның ішінде мұсылманға жат мереке екенін айтады.
"Одан да Айтты сөйтіп тойламадыңдар ма? Киіз үйді, қазан-ошақты Айт кезінде көтеру керек еді. Отқа, күнге табынатындардың мейрамы қазаққа жат. Наурыз деген сөздің өзі қазақтың сөзі емес. Иманы кәміл, діни сенімі мықты адамдар бұл мерекені тойламайды", - дейді Ербол Рүстемұлы.
Бұл діншілдің видеосына қатысты жұрттың басым бөлігі "Наурыз қазақтың мерекесі болмаса, айт та қазақтың мерекесі емес қой. Айдаладағы арабтың мерекесі емес пе?", "енді сен қалып ең ақыл айтпаған", "ҰҚК қайда қарап отыр? Мынаны неге көрмейді?", "Мына діншіл осы сөзімен Президенттің саясатына қарсы шығып отыр. Себебі, Наурызды ресми мереке етіп бекіткен Президент. Ал бұл қарсы шығып отыр. Мынаған жаза қолдану керек!" Дегенге саятын пікір жазуда.