Зардап шеккендер жоқ.
112 пультіне Ақтоғай ауданы Айыртас ауылынан 35 шақырым жерде дала жолында төрт жеңіл автокөлік лайға батып, шыға алмай қалғаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушыларының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында автокөліктер батпақтан тазартылған жол бөлігіне сүйретіп шығарылды.
— Көліктердің ішінде 18 адам болды. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ, — делінген хабарламада.
ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады.
— Алыс жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап, мүмкіндігінше жолсыз жерлермен жүруден аулақ болыңыздар, — дейді мамандар.