Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Қазгидромет синоптиктері ертең, 24 наурызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматыда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Қонаевта батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 24 наурызда түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Қарағандыда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Павлодарда тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.
Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанайда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 24 наурызда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, күндіз таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.