$ 482.33  557.57  5.74

«Қазақмыс» этноауылы Ұлытау облысындағы мерекенің орталығына айналды

Бұл ойындар тек тартысты дода ғана емес, бірлік пен дәстүрге құрметтің, командалық рухтың айқын көрінісіне айналды.

Фото: Қазақмыс
Фото: Қазақмыс

Жезқазған және Сәтбаев қалаларында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өтті. Бұл мерекелік шаралар қала тұрғындары мен «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Компания тарапынан Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында мереке қарсаңында ұйымдастырылған этноауыл мерекенің басты алаңына айналды. Қала орталығында 11 киіз үй тігіліп, олардың әрқайсысы ұлттық мәдениеттің көрінісін, қонақжайлық дәстүрін және халықтың өзіндік болмысын танытты.


Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, оған кәсіпорын қызметкерлері мен қала тұрғындарынан құралған командалар қатысты. Жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрады. Бұл ойындар тек тартысты дода ғана емес, бірлік пен дәстүрге құрметтің, командалық рухтың айқын көрінісіне айналды.

Іс-шараның басты кезеңі «Қазақмыс» компаниялар тобы кәсіпорындары арасында өткен «Үздік киіз үй» байқауы болды.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды Батыс Жезқазған кенішінің ұжымы ұйымдастырған киіз үй иеленді. II орын – Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасына бұйырды. III орын «Жомарт» кенішінің киіз үйіне берілді.



Сонымен қатар, арнайы номинациялар бойынша «Жыланды» кеніші, Kazakhmys Maintenance Services, Kazakhmys Barlau, Жезқазған тарихи-археологиялық музейі, Оңтүстік Жезқазған кеніші, Шығыс Жезқазған кеніші, Жезқазған мыс балқыту зауыты және Жезқазған байыту фабрикасының киіз үйлері марапатталды.

Жеңімпаздар мен номинация иегерлеріне ақшалай сертификаттар табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0