Сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.
"Қазгидромет" Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 25 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Болжам бойынша, сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.
Республика бойынша тұман түседі, солтүстік пен орталық өңірлерде көктайғақ болады. Сондай-ақ солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.