25.03.2026, 10:00

Тоқаев Грекия президентін ұлттық мерекесімен құттықтады

Фото: Ақорда

Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал Грекия халқына құт-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Грекия Президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуласты Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор  екенін атап өткім келеді. Болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін беки түседі деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал Грекия халқына құт-береке тіледі.