Көктем келісімен көпқабатты үйдің ауласы үлкен көлге айналып, жүру де, көлікпен өту де мүмкін болмай қалады.
Көкшетау қаласындағы «Центральный» ықшам ауданы, 13-үйдің тұрғындары жыл сайын қайталанатын мәселеден шаршағанын айтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Көктем келісімен көпқабатты үйдің ауласы үлкен көлге айналып, жүру де, көлікпен өту де мүмкін болмай қалады. Тұрғындардың сөзінше, өткен жылы бұл аулаға жаңа асфальт төселген. Алайда жөндеу жұмыстары жағдайды жақсартудың орнына, мәселені бұрынғыдан да қиындатып жіберген. Қазір аулаға жиналған су салдарынан көліктерді қоюға орын жоқ.
Тіпті подъезден шығу үшін тұрғындар айналма жол іздеуге мәжбүр. Жергілікті халық бұл жағдай жыл сайын қайталанатынын айтып, жауапты мекемелердің нақты шешім қабылдауын талап етеді. Олардың пікірінше, асфальт төселген кезде су ағатын жүйе дұрыс жасалмаған.
Салдарынан жаңбыр мен еріген қар суы аулада жиналып, тұрғындарға қиындық тудырып отыр. Тұрғындар бұл мәселе тағы да назардан тыс қалмай, биыл нақты шешіледі деп үміттенеді.