Оқиға 23 наурыз күні Екібастұз ауданына қарасты Шиқылдақ ауылының маңында балық аулау кезінде болған.
Екібастұз маңында автокөлік мұз астына түсіп кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Павлодар облысында мұздың жұқалығы тағы бір қауіпті жағдайға себеп болды.
23 наурыз күні Екібастұз ауданына қарасты Шиқылдақ ауылының маңында балық аулау кезінде автокөлік мұз астына түсіп кеткен.
"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел әрекет етіп, мұз үстінде қалған үш балықшыны эвакуациялады. Олар Шідерті кентіне жеткізілді, медициналық көмек қажет болмады", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.Аталған дерек бойынша су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған автокөлік иесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Павлодар облысының ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта мұздың құрылымы жұқа әрі тұрақсыз. Осыған байланысты мұз үстіне шығуға және автокөлікпен жүруге қатаң тыйым салынады.