$ 482.33  557.57  5.74

Шұғыл: Батыс Қазақстанда дрон құлады

Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаменті де растады.

Фото: "Мой город"
Фото: "Мой город"

Мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінің маңына дрон құлағаны жөнінде суреттер мен мәліметтер тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаменті де растады.

Полицияның дерегінше, күмәнді нысандар Ақжайық ауданынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар сыртқы келбеті жағынан ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсайды.

Ведомство өкілдері объектінің елді мекендерден шалғай аумақта анықталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын нақтылау үшін тексеру шаралары жүргізіліп, мамандар қажетті деректерді жинап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін де өңірде осындай жағдайлар болған. 2025 жылдың наурыз айында Жәнібек ауданында белгісіз ұшатын аппаратқа ұқсас сынықтар табылып, полиция тексеру жұмыстарын бастаған еді. Сонымен қатар сол жылдың қазанында Бөрлі ауданында да дрон бөлшектеріне ұқсас заттар анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#БҚО #дрон