Қала маңындағы мұндай көрініс Семейдің қазіргі жағдайын көрсетеді дейді тұрғындар.
Семей қаласының маңында қоқыс үйіндісі көбейіп, тұрғындар экологияға алаңдап отыр. Әлеуметтік желіде тараған видеода жол жиегі мен бос жатқан аумақтың қоқысқа толып кеткені көрінеді. Пластик, тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс қоқыстары ашық жерде шашылып жатыр.
Тұрғындардың айтуынша, бұл жер бірнеше жылдан бері тазаланбаған. Айналадағы иіс пен антисанитария халықтың наразылығын күшейткен.
Желі қолданушылары мұндай жағдайға жауапты мекемелер қайда қарап отыр деп сұрайды. Кейбірі экология мәселесіне әкімдік жеткілікті көңіл бөлмейді деп сын айтуда. Қоқыс уақытында шығарылмаса, ол ертең үлкен экологиялық проблемаға айналуы мүмкін.
Қала маңындағы мұндай көрініс Семейдің қазіргі жағдайын көрсетеді дейді тұрғындар.