$ 482.33  557.57  5.74

Көкшетаудың көшелері шұрық-тесік: Көлік жүргізу қауіпті

Қазір бұл көше қаладағы ең проблемалы жолдардың біріне айналған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Көкшетау қаласында Қуанышев көшесінің жағдайы тұрғындардың ашуын туғызды. Жүргізушілердің айтуынша, бұл жолмен жүру күн сайын қауіпке айналып барады. 

Ташенов жағынан кірген көліктер шұңқырдан қашамын деп қарсы жолаққа шығуға мәжбүр. Ал кейбір жүргізушілер тіпті тротуармен айналып өтетінін айтады. Алтынсарин қиылысына жақындаған жерде асфальт түгел бұзылып, жол ойылып кеткен.

Маршруттық автобустардың өзі шұңқырды айналып өту үшін қарсы бағытқа шығуға мәжбүр болып жатыр.
Тұрғындар бұл жағдай бір күннің емес, жыл сайын қайталанатын мәселе екенін айтады. Олардың сөзінше, жолды толық жөндеу талап етілмейді, уақытша болса да қауіпсіз ету керек.

Қазір бұл көше қаладағы ең проблемалы жолдардың біріне айналған.

Видео: sinegor.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0