26.03.2026, 17:40

Қарағандыда 3 жасар бала терезеден секіріп кетті

Фото: inbusiness.kz

Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 

Қарағандыдағы Майқұдықтың 12-шағынауданында үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, терезеден құлаған 2023 жылы туған бала көптеген жарақатпен бірден ауруханаға жеткізілген.

Қарағанды қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2023 жылы туған ұл бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, депи хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.