$ 482.33  557.57  5.74

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Полиция қызметкерлері де тексерілетін болды

"Егер қызметкерлер кінәлі болса, біз ең қатаң шаралар қолданамыз".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

Жұртшылықпен кездесу кезінде түсірілген видео Instagram желісіндегі 100baksoff_almaty парақшасында жарияланды.

"Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Zeekr көлігінің жүргізушісі қазіргі уақытта ауруханада емделіп жатыр. Ол әлі жансақтау бөлімінде жатқандықтан, тергеу жүргізілген жоқ.

Палатаға ауыстырылғаннан кейін, бұлтартпау шарасы ретінде ол қамауға алынады. Ауруханаға түскен кезде жүргізушінің қаны алынды, бірақ нәтижелері әлі шыққан жоқ. Нәтижелер дайын болған кезде хабарлаймыз", - деді Қабдұлдинов.

Ол полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін атап өтті.

"Қызметкерлердің әрекеттеріне нақты құқықтық баға беріледі, егер қызметкерлер кінәлі болса, біз ең қатаң шаралар қолданамыз", - деді ПД бастығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0