$ 482.33  557.57  5.74

Маңғыстау облысының әкімдігі алдында апат болды

Апат салдарынан автобустағы бірнеше жолаушы зардап шекті.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz

Ақтауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан жолаушылар жарақат алды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 25 наурыз күні Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының қарсы бетінде тіркелген. Полиция дерегінше, Audi Q7 көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде жол қозғалысы ережесін бұзып, қарсы бағытта келе жатқан көлікке басымдық бермеген. Нәтижесінде ол YUTONG маркалы автобуспен соқтығысқан.

Апат салдарынан автобустағы бірнеше жолаушы зардап шекті. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тексерістен кейін үйлеріне жіберілген.

«Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді. Қазір тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Маңғыстау облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады», – деп мәлімдеді ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0