27.03.2026, 11:10

Павлодар облысында ауылға баратын жол жоқ: Тұрғындар лай кешіп жүр (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Көктем шыға салысымен тасжол лайсаң батпаққа айналып, көліктер жүру мүмкін болмай қалған.

 

Павлодар облысындағы Майқоңыр ауылына апаратын жолдың жағдайы тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көктем шыға салысымен тасжол лайсаң батпаққа айналып, көліктер жүру мүмкін болмай қалған. Тұрғындардың айтуынша, бұл жолмен жүру күн сайын лотерея сияқты - өтесің бе, әлде батып қаласың ба белгісіз. Әсіресе ауылға жедел жәрдем мен өрт сөндіру көлігі жете алмай қала ма деген қауіп бар.

\Мектепке қатынайтын балалардың қауіпсіздігі де үлкен мәселе болып отыр. Жергілікті халық бұл проблема жыл сайын қайталанатынын айтады.

Айтуларынша, жолды жөндеу туралы уәде көп, бірақ нәтиже жоқ. Кей жүргізушілер көлігін батпақтан шығару үшін бірнеше сағат әуреге түсетінін көрсеткен. 2026 жылы ауылға баратын жол осындай болса, тұрғындар мұны қалыпты жағдай деп қабылдағысы келмейді.