27.03.2026, 11:30

Бурабайда масқара жағдай: Туристер дәретхана таппай орманға баруға мәжбүр (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Демалушылар көп жиналатын Абылай хан алаңында қоғамдық дәретханалар жұмыс істемейді.

 

Көкшетау тұрғыны курортты аймақ Бурабайға барған сапарында қарапайым жағдайдың жоқтығына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, демалушылар көп жиналатын Абылай хан алаңында қоғамдық дәретханалар жұмыс істемейді.

Туристер серуендеуге шыққанда қажетті орын таппай, амалсыз орманға баруға мәжбүр болған.

Соның салдарынан айнала қоқыс пен қағазға толып кеткенін тұрғындар айтып отыр.

Бұл мәселе жыл сайын қайталанатынын жергілікті халық та растайды.

Курортты аймақ деп жарнамаланғанымен, инфрақұрылымның қарапайым мәселесі шешілмей келеді.

Демалушылар көп келетін жерде ең алдымен санитарлық жағдай жасалуы керек дейді тұрғындар.

Әсіресе туристік маусым басталған кезде мұндай олқылықтар жиі байқалады. Жауапты мекемелер мәселені біле тұра, нақты нәтиже жоқ деген сын айтылды.