27.03.2026, 12:20

Перизат Қайраттың қымбат көлігі аукционға шығарылды

Фото: Электронды сауда порталы

Сатылым 7 сәуірде сағат 10:00-де басталады.

Астана мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік нөмірі 777KPK01 қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігінің сатуға шығарылғанын жария етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

777KPK01 нөмірлі қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігінің бағасына Pandora сигнализациясы бар кілт кіреді. Автокөліктің аккумуляторы разрядталған, алайда техникалық жағдайын тексеру мүмкін емес. Көлік 79 415 000 теңгеге бағаланып отыр.

Сатылым 7 сәуірде сағат 10:00-де басталады.

Қазір автокөлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады.

Олардың қатарында әлеуметтік қызмет субъектілері бар:

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары; Балабақша мен орта білім мекемелері; Уақытша орналастыру орындары; Медико-әлеуметтік мекемелер.

Егер көлік сатылмаса, лот барлық қызығушылық танытқан адамдарға сатылымға шығарылады.