27.03.2026, 15:10

Петропавлда тұрғындар батпақ кешіп жүр: Жол жоқ көшеге әкімдік неге назар аудармайды?

Коллаж: Sn.kz

№69–77 үйлер орналасқан тұйық көшеде асфальт түгілі, жүретін құрғақ жер қалмаған.

 

Петропавл қаласында Лазутин көшесінің бойындағы тұрғындар көктем сайын жол азабын тартып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

№69–77 үйлер орналасқан тұйық көшеде асфальт түгілі, жүретін құрғақ жер қалмаған.

Жаңбыр мен қар еріген кезде көше түгел батпаққа айналып, адамдар тізеден саз кешуге мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерден басқа шығатын жол жоқ, сондықтан күн сайын үйге жету қиынға соғады. Көліктер батпаққа батып, жедел жәрдем мен такси де кіре алмайтын жағдайлар болған.

Жергілікті халық бұл мәселені бірнеше рет әкімдікке айтқанын, бірақ нәтиже шықпағанын айтады.

Әсіресе балалар мен қарттар үшін бұл көше қауіпті болып тұр. Т

ұрғындар жол салу былай тұрсын, ең болмаса уақытша қиыршық тас төсеуді сұрайды.

Қалада жаңа жолдар салынып жатқанда, кей көшелердің әлі күнге дейін батпақ күйінде қалуы халықтың наразылығын күшейтіп отыр.