Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қарағанды облысында экс-сүйіктісі мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде Қарағанды қаласында болған қылмысқа қатысы бар деген 39 жастағы ер адамның мәйіті анықталған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ол өз атына тіркелген қарумен өз-өзіне қол жұмсаған.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.