Синоптиктер 28 наурызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК мәліметіне сүйенсек, кең ауқымды антициклон әсерінен, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Тек еліміздің батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен, жаңбыр жауып, найзағай болады, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, республика бойынша тұман, солтүстікте – көктайғақ, батыста, оңтүстікте, шығыста, орталықта – желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте шаңды дауылмен күтіледі.