$ 482.53  555.44  5.92

Үш елдің сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды Пәкістанда талқылайтын болды

Кездесу барысында тараптар кең ауқымды мәселелерді қарастыруды жоспарлап отыр.

Фото: Анадолы
Фото: Анадолы

Сауд Арабиясы, Түркия және Египеттің сыртқы істер министрлері: Фейсал ибн Фархан Әл Сауд, Хакан Фидан және Бадр Абдельати 29–30 наурыз күндері Исламабадқа барады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сыртқы саясат ведомствосының мәліметінше, бұл сапар Пәкістан премьер-министрінің орынбасары әрі сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхак Дардың шақыруымен жүзеге асады.

Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдету жолдарын қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ сыртқы істер министрлері Пәкістан премьер-министрімен келіссөз жүргізеді.

Пәкістан СІМ-інде бұл сапар елдер арасындағы ынтымақтастық пен өзара мүдделі бағыттар бойынша үйлестіруді нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0