Айтуынша, былтыр құбыр ауыстырылғанымен, жол қайта қалпына келтірілмеген.
Қарағандының Майқұдық ауданындағы Петрозаводская көшесінде жағдай ушығып тұр. Тұрғындар жолдың батпаққа айналғанын айтып, дабыл қағуда. Әсіресе күн жылып, қар ерігенде көшемен жүру мүмкін болмай қалған.
Балалар мектепке балшық кешіп барады, қарттарға қозғалу тіпті қиын.
Айтуынша, былтыр құбыр ауыстырылғанымен, жол қайта қалпына келтірілмеген.
Көрші көшелерде асфальт бар, ал бұл аумақ назардан тыс қалған. Тек жол емес, жарық мәселесі де шешілмей отыр. Кешке балалар қараңғыда үйге қайтады, көшеде қаңғыбас иттер көбейген.
Тұрғындар әкімдіктен нақты жауап пен нақты әрекет күтеді. Қарапайым жол мен жарық мәселесі шешілмей тұрғанда, халықтың ашуы күшейіп келеді.