$ 482.53  555.44  5.92

Павлодар жолдары азапқа айналды: әкімдік пен “ҚазАвтоЖол” жауапкершіліктен қашып отыр ма?

Автордың айтуынша, бұл учаске қар ерігеннен кейін де сол күйі жөнделмеген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Павлодардан Көшер бағытындағы жолдың жағдайы жүргізушілердің ашуын туғызды. Әлеуметтік желіде тараған видеода трассаның ой-шұқыры көп, жүруге қауіпті екені анық көрінеді.

Автордың айтуынша, бұл учаске қар ерігеннен кейін де сол күйі жөнделмеген.

Жүргізушілер “көліктің жүріс бөлігі түгел соғылып жатыр” деп шағымдануда. Тіпті кейбірі бұл жолмен жүру жүйкеге салмақ түсіретінін ашық айтып отыр. Бірнеше шақырым бойы түсірілмеген бөлігі одан да нашар екені айтылған. Жол сапасына жауапты мекемелер бұл жағдайға әзірге нақты түсініктеме бермеді. Павлодар облысының әкімдігі мен “ҚазАвтоЖолдың” әрекетсіздігі қоғамда сұрақ туғызуда. Қарапайым халыққа айыппұл жылдам келеді, ал жолдың сапасы неге бақылаусыз қалды деген наразылық күшейіп жатыр. Жүргізушілер жолды қашан жөндейді деп нақты жауап күтуде.

Видео: Instagram / sayat_tashimov

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0