Баланың жүзін ол әзірге смайликпен жапқан.
Қазақстандық актриса, «Томирис» фильмінің жұлдызы Альмира Тұрсын декреттік кезеңдегі өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жуырда екінші рет ана атанған актриса Instagram желісінде сәбиімен түскен нәзік фотосын жариялады. Суретте ол Айю-Сафия есімді қызын құшағына алып, селфи жасап тұр. Баланың жүзін әзірге смайликпен жапқан.
Бақытты ана декреттегі күндерінің асықпай, сабырлы өтіп жатқанын жеткізді. Ол сәбиімен өткізген әр сәттің қадірін білуге тырысатынын айтты.
«35 жасымда, араға 13 жыл салып, екінші рет ана атанған соң, енді ешқайда асықпаймын, жанталаспаймын. Өмірдің бір жерінде қалып қоямын ба деген қорқыныш та жоқ…
Өйткені уақыттың өте жылдам өтетінін білемін: газиктер де, коликтер де, ұйқысыз түндер де артта қалады. Осы кішкентай тәтті қол-аяқтар өс
іп, өз жолымен кетеді, бір күні тіпті құшағыңа көтеру де қиынға соғады…
Сондықтан декретті бұрынғыдан да сабырмен, саналы түрде өткізіп, әрбір сәттен ләззат алып жүрмін», – деп бөлісті Альмира.