Қаладағы түрлі аудандардан бірдей шағым түсуі жағдайдың жүйелі екенін көрсетеді.
Атырау тұрғындары қалада қайтадан өткір жағымсыз иіс шыққанына шағымданып жатыр. Жергілікті жұрт оны шіріген жұмыртқаның иісіне теңейді. Әсіресе кешкі және түнгі уақытта ауа тіпті ауырлай түсетіні айтылады.
Қаладағы түрлі аудандардан бірдей шағым түсуі жағдайдың жүйелі екенін көрсетеді. Экология департаменті бұл дерек бойынша ауа сынамаларын алып, тексеріс бастаған.
Қазір зертханалық талдау жүргізіліп жатыр, нақты нәтиже кейін жарияланбақ. Алайда тұрғындар әдеттегідей “кейін айтамыз” деген жауапқа сенуден қалғанын жасырмайды.
Себебі мұндай иіс мәселесі Атырауда бірінші рет болып отырған жоқ. Халық ең алдымен бұл иістің денсаулыққа қаншалықты қауіпті екенін білгісі келеді. Ал жауапты органдар нақты себеп пен кінәліні ашық айтпайынша, күмән сейілмейді.