$ 482.53  555.44  5.92

«6 адам зардап шекті»: Алматы облысында автобус пен пойыз соқтығысты

Алты жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы–Боралдай бағытындағы теміржол өткелінде пойыз бен жолаушылар автобусы соғысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Апат Боралдай мен Шамалған станциялары арасындағы өткелде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көмір тиеген пойыз өз бағытымен келе жатқан, ал автобус жүргізушісі жол бермей, темір жолды қиып өтпек болған. 

Алты жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Алматы облысының полициясы оқиғаның баллы мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр. Аталған жағдай бойынша тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0