Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Белсенді Санжар Боқаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Бұлтартпау шарасы 19 наурызда таңдалған. Сот шешімімен Боқаев екі ай мерзімге қамауға алынды.
Айта кетейік, белсенді 18 наурызда ұсталды. Боқаев желіде саябақтағы заңсыз ағаш кесу мен құрылыс нысандарындағы ұрлық туралы видео жариялаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол бұл әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған және аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.