$ 481.54  553.24  5.93

Алматы маңында жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан.
 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі 31 наурыз күні сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан.

Сілкіністің координаттары: 44.609º солтүстік ендік, 79.709º шығыс бойлық. Ошақтың тереңдігі — 10 шақырым. Энергетикалық класы — 10.7, ал магнитудасы MPV бойынша 5.4-ке тең.

Алдын ала есеп бойынша сезілу деңгейі (баллмен):
– Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында — 2 балл
– Жетісу облысы, Текелі қаласында — 2 балл
– Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында — 2 балл

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген. Сондай-ақ 112 қызметіне тұрғындардан қоңырау түспеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0