Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі 31 наурыз күні сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан. Сілкіністің координаттары: 44.609º солтүстік ендік, 79.709º шығыс бойлық. Ошақтың тереңдігі — 10 шақырым. Энергетикалық класы — 10.7, ал магнитудасы MPV бойынша 5.4-ке тең. Алдын ала есеп бойынша сезілу деңгейі (баллмен): – Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында — 2 балл – Жетісу облысы, Текелі қаласында — 2 балл – Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында — 2 балл Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген. Сондай-ақ 112 қызметіне тұрғындардан қоңырау түспеген.