31.03.2026, 14:10

Оқытушы артта қалды ма? Министр «цифрлық надандықпен» күресті бастады

Фото: Казинформ

Сарапшылар енді білім беру жүйесінде мұғалімдердің біліктілігі басты сынға айналатынын айтады.

Қазақстанда жасанды интеллектті меңгеру мәселесі студенттерде емес, оқытушыларда екені айтылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы бағыттағы басты проблеманы ашық мәлімдеді. Оның сөзінше, жастар жаңа технологияны тез игеріп жатыр, ал кей оқытушылар оған ілесе алмай отыр. Министрлік бұл олқылықты жою үшін нақты қадамға барған.

Қазір Қазақстан ұстаздарын оқыту үшін OpenAI компаниясымен бірлескен бағдарлама іске қосылған. Жоба аясында оқытушыларға жасанды интеллект құралдарын қолдану үйретіліп жатыр. Министр бұл өзгеріс білім сапасына тікелей әсер ететінін айтты.

Сондай-ақ ол «цифрлық надандықты жою» басты міндеттердің бірі екенін ерекше атап өтті. Бұл мәлімдеме қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Сарапшылар енді білім беру жүйесінде мұғалімдердің біліктілігі басты сынға айналатынын айтады.